Алматыда бірқатар қоғамдық көліктің бағыты өзгереді
Алматыда Сейфуллин даңғылында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің қиылысында жол айрығын салу жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Тобаяқов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі учаскедегі Сейфуллин даңғылының бойында қозғалыс толық жабылады. Жабық учаскені іргелес жатқан көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 30 қыркүйектен бастап төмендегі қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:
№18 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы- одан әрі схема бойынша;
№18 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Райымбек даңғылы-Наурызбай батыр көшесі-Мақатаев көшесі-одан әрі схема бойынша;
№30 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы – әрі қарай схема бойынша;
№30 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы- одан әрі схема бойынша;
№34 - солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы- сосын схема бойынша;
№34 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы - әрі схема бойынша;
№56 - солтүстік бағытта - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Мақатаев көшесі - Назарбаев даңғылы - Жансүгіров көшесі - одан әрі схема бойынша;
№56 - кері бағытта - Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
№72 - солтүстік бағытта - Райымбек даңғылы-Наурызбай батыр көшесі-Мәметова көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
№72 - кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Райымбек даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;
№129 - солтүстік бағытта - Райымбек даңғылы-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
№129- кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі - одан әрі схема бойынша;
№7 троллейбус солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Тобаяков көшесіне бұрылу - кері бағытта қозғалыс, бақылау бекеті «ЖЭО-1» аялдама болатын болды;
№7 троллейбус кері бағытта «ЖЭО- 1» аялдамасы - Сейфуллин даңғылы- одан әрі схема бойынша.