Алматыда бүгін-ертең 27 градусқа дейін аяз болады

Алматыда 12-13 желтоқсан күндері 23-27 градусқа дейін аяз болады. Бұл жайында 112 қызметі ескерту жасады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа райы
Фото: Pixabay

Айта кетейік, түнде басталған қар тоқтаусыз әлі жауып тұр.

Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көлігін ағаш астында қалдырмау керектігін ескертті. 

«Алматыға қалың қар түсті, тұман болады. 23-27 градусқа дейін аяз болады. Сондықтан қала қонақтары мен тұрғындардан таулы жерлерге бармай, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар