Алматыда Бұқар Жырау көшесі бір аптаға жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Бұқар Жырау бульвары бір аптаға жабылады.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 28 қазан сағат 09:00-ден 3 қараша сағат 19:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары бойынша Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір жолақ жабылады.
«Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы – 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен ақау анықталды», - деп хабарлады әкімдіктен.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелгені туралы жазған едік.