Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасынан өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Абай мен Масаншы көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы теміржол ауруханасында от тұтанды.

өрт
Фото: видеодан скрин

Қалалық ТЖД мәліметінше, көп жылдар қараусыз тұрған ғимараттың екінші қабатында қоқыс өртенген.

— 1 шілде күні кешкі сағат 19:00-де Алматы ТЖД өрт сөндірушілері Алмалы ауданы Масанчи көшесіне жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін теміржол ауруханасының екі қабатты ғимаратының 2-қабатында қоқыс жанған. Өрт 10 минуттың ішінде сөндірілді, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қараусыз қалған темір жол ауруханасында 2024 жылдың қазан айында жөндеу жұмыстары басталатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар