Алматыда City Run жүгіру жарысы өтеді
12 қараша күні Алматыда «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының биылғы соңғы жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды Kazinorm.
«Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 қарашада алматылықтар өздеріне жақсы таныс жерлермен жүгіріп өте алады. Жарыс «Астана» алаңынан басталады.
Жарыстың арақашықты: 10 шақырым (15 жастан жоғары), 5 шақырым Скандинавиялық жүріс (15 жастан жоғары). Іс-шараға тіркелу және төлем жасау almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді. Жарысқа қатысу құны – (екі қашықтық үшін) 7 мың теңге. Қатысушылардың саны 2200-ге жеткен кезде жарысқа тіркелу тоқтатылады.
«City Run – жүгіру ғана емес, бұл Алматының өткені мен бүгініне саяхат. Алматының тарихи орталығымен жүгіре отырып, сіз қаланың көрнекті жерлерін көре аласыз, оның қайталанбас рухын сезініп, қуат аласыз. Біздің мақсатымыз спортты насихаттап қана қоймай, Алматының тарихы мен мәдениеті мол қала екенін көрсету», – деді «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының құрылтайшысы Ғалымжан Есенов.
Аталған қашықтықтан өткен адамдарға «финишер» медалі беріледі. 10 шақырымдық қашықтықта әйелдер мен ерлер арасындағы үш жеңімпаз серіктестердің медаль, грамота, сыйлықтарымен марапатталатын болады.
«Біз қала тұрғындарының жыл сайын спорттық іс-шаралар мен жарыстарға қатысатынын көріп, қуанып отырмыз. 2023 жыл энергия мен ынтымақтастыққа толы жыл болды. City Run-да жүгіру маусымын бірге аяқтайық, онда әр қатысушы қаланың пульсін аяқ астында сезіне отырып, спорттық іс-шарадан ләззат ала алады», - деп атап өтті «Алматы марафонының» рейс директоры (race-director) Салтанат Қазыбаева.
Айта кетейік, 29 қазанда Қазақстанда Аза тұту күніне байланысты Түркістанда «Turkistan Marathon 2023» өтпей қалған еді.