Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 26 шілде күні сағат 10:00-де сирена дыбыстары естілетін болады.

 Төтенше жағдай дабылы неге «президенттік» деп аталды – Алматы әкімдігі жауап берді
Фото: pixabay.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей менаполисте жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету бойынша командалық штаб жаттығулары өтеді.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.Оны естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек»,- деп атап өтті ведомстводан.

Осыған дейін жер сілкінісін ескертетін жүйе сынақтан өтіп, алматылықтар президенттік хабарлама алған болатын