Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Осы демалыс күндері алматылықтар «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.

Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

19 қыркүйектен бастап қалада отандық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы маусымдық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған «Дала дәмі» жобасы басталады.

Алматыда өтетін 330 фермерлік шаруашылық пен өндіруші қатысып, өнімдерін тікелей өткізеді.

Жәрмеңкелерде жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдері сияқты мыңнан астам өнім түрі бар.

Жәрмеңкелер Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісужәне Түрксіб аудандарында өтеді.

Олар әр сенбі және жексенбі сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін өтеді.

Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданында «Қазақфильм» шағынауданында 20 қыркүйекте жаңғырталған алғашқы жәрмеңке ашылады.

49 сотық аумақта 112 сауда орны қарастырылған. Оның ішінде ашық және жабық павильондар, сондай-ақ фудкорт аймағы бар.

Жәрмеңке өтетін жерлер:

  • Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы;
  • Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы — Меңдікұлов жәнеБектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтекеби және Гоголь көшелерінің аралығы;
  • Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы;
  • Түрксіб ауданы — Рысқұлов және Айтыков көшелерінің қиылысы.

Еске салайық, Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіні хабарланды.