Алматыда дүкен ішінде әйелге күш көрсеткен азамат іздестіріліп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде Алматыдағы дүкендердің бірінде болған жанжалдың бейнежазбасы тарады.
Онда ер адамның әйелге күш көрсеткенін көруге болады. Басқа азамат оған араша түскен.
Алматы қаласының полиция департаменті аталған бейнежазбаға қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Әйелдің жеке басы анықталған. Бұған дейін ол бұл дерек бойынша полицияға жүгінбеген.
— Қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген ер адамның жүрген жері анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі. Полиция бұл фактіге тиісті құқықтық баға беруді қамтамасыз етеді, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы мейрамханада болған жанжалға қатысқан прокурорға қатысты тексеру басталғанын жазғанбыз.