Алматыда Дулати даңғылы үш күнге жабылады

Ремонт дорог дорожные знаки жол жөндеу жол белгілері
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі үш күнге жабылады.

9 шілде түнгі сағат 23:00-ден 11 шілде сағат 11: 00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат сайтта орналастырылған Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis және «Яндекс карталар» сервистерінде бар.

жол
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар
telegram