Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне сынақ жүргізіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 21 сәуір мен 6 мамыр аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. 

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне сынақ жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы жылу жүйесі магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары сақтық шараларын сақтағаны абзал.

«Алматы жылу желілері» ЖШС қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті.

– Мұндай кезде өз бетіңізше ешқандай әрекет етпеңіз, дереу оқиға орнынан алыстап, оны «Алматы жылу желілері» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз, - деп атап өтті компаниядан.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі:

21 сәуір

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский - Рысқұлов – Сейфуллин;

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Онғарсынова.

21 сәуірден бастап 8 мамырға дейін 

Бостандық ауданы: Асқаров –Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков – Кекілбаев – Бәсенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев. 

21 - 22 сәуір

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан.

22 сәуір

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

22 -23 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи – Емцов;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин - Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

23 сәуір
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи – Емцов;

Жетісу ауданы: Айнабұлак-1, 2, 3, 4 шағын аудандары, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар көшелерінің бойы мен Көкмайса шағын ауданы;

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н. Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек;

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи – Емцов.

23- 25 сәуір

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналыма жолы – Бұрындай;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлова –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

24 сәуір 

Наурызбай ауданы: Базарбай Жұманиязов – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш;

Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы Серіков – Ратушный көшелерімен, Рысқұлов - Жансүгіров – Тихов – Глазунов көшелерінің бойы;

Бостандық ауданы: Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы; 

Орбита-1, 2, 3, 4 шағын аудандары– Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков– Бәсенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы 

24 - 25 сәуір

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

25 сәуір

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.

28 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбақиев;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

28 сәуірден 6 мамырға дейін

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский;

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

29 - 30 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Сайын – Үлкен Алматы өзені;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко –– Желтоқсан – Сәтпаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов. 

30 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

5 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбақиев – Байзақов.

5 - 6 мамыр

Әуезов ауданы: Ұлыкбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов;

– Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың ақауын анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін 400 млрд теңге бөлінеді. 

Соңғы жаңалықтар