Алматыдағы ең көне спорт оқу орындарының бірінің ғимараты өртенді
АСТАНА. KAZINFORM- 15 қарашада Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде екі қабатты ғимараттан ірі өрт шықты. Өрт сағат 10:25-те толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Кейін өрт болған ғимарат Алматыдағы ең көне спорт оқу орындарының бірі – Олимпиада резервінің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне (СДЮШОР №2) тиесілі екені белгілі болды.
15 қараша күні таңертең Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан ғимарат өртенді. Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Сағат 09:00-де Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнындағы жағдай туралы мәлімет берді.
-Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ашық жалынмен жанып, өрттің жақын орналасқан нысандарға таралу қаупі байқалды. Өртті сөндіру үшін дереу өрт оқпандары берілді. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру штабы құрылды, – деп хабарлады ведомство.
Сағат 10:25-те өрт толық сөндірілді. ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жалынның көршілес нысандарға таралуына жол бермеген.
-Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.
Кейін бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтер мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрт Алматыдағы ең көне спорт оқу орындарының бірі – Олимпиада резервінің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (СДЮШОР №2) ғимаратында болғаны расталды.
Осыған дейін жылу беру масымында өңірлердің өрт қауіпсіздігіне дайындығы туралы жаздық.