Алматыда екі күдікті жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 30 миллион теңгенің қарақшылық шабуылы бірден әшкере болды.

Алматыда екі күдікті жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен
Фото: Алматы полициясы

Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Бейтаныс әлдебіреу жәбірленушіге күш қолданамын деп қорқытып, оны байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бопсалау және тонау деректері бойынша ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум