18:18, 13 Қаңтар 2024 | GMT +5
Алматыда екі шетелдік аса ірі көлемде есірткі өндірген
Алматы қалалық ҰҚК департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндіріп, таратқан адамдарды қолға түсірді. Kazinform бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын маңдағы жалға алынған жер үйде жедел қызмет өкілдері екі шет ел азаматын есірткі дайындап жатқан жерінен ұстады. Тінту кезінде заңсыз айналымға жіберілмек болған 30 келі дайын өнім - «альфа-PVP» мен 5,5 тоннадан астам прекурсор табылды. Қолда бар деректер бойынша, есірткі Қазақстан аумағына интернет арқылы сатылмақ болған, - деп хабарлады ҚР ҰҚК.
Сот шешімі бойынша екі азамат та қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.