Алматыда екі тұрғын үй бұзылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылады.

Алматыда екі тұрғын үй бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлім еткендей, 3 қабатты тұрғын үйлер Нұр - Алатау шағын ауданы К.Тауасарлұлы көшесі, 71/21 мекенжайдағы бір учаскеде орналасқан. Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. 

Алматыда екі тұрғын үй бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі

- Басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Бұзу жұмыстарын меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды. 

Алматыда екі тұрғын үй бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешені бұзылғаны туралы жазған едік. 

Алматыда өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілді.

Соңғы жаңалықтар