Алматыда эко-тиындарға пайдалы заттарды айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа эко-акция басталды. Қала тұрғындары дәмханаларға өз термасымен барып, эко-тиын ала алады. Ал қайта өңделген материалдардан жасалған ақшаны мегаполистегі эко-хабта пайдалы заттарға айырбастау мүмкіндігі бар.
Eco Network жобасының негізін салушы Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, Алматыда жылына миллиондаған бір реттік ыдыстар қолданылып, қоқысқа тасталады. Сондықтан ол қаладағы қоқыс санын азайту үшін адамдарға өз ыдысын қолдануды ұсынады.

«Әлемнің барлық үлкен қалаларында, оның ішінде Алматыда да адамдар кофе, шай сынды сусындарды бір реттік ыдыстармен алуға үйренген. Оның салдарынан қоқыс саны көбейе береді. Бұл мәселені шешу үшін біз эко-ойын бастадық. Адамдар «Горельник» термалды бұлағының жанындағы мейрамханаға келіп, өз ыдыстарымен сусын алатын болса, оларға эко-тиын беріледі. Бұл тиындарды кейін қаладағы эко-хабта тыңайтқыш сынды пайдалы заттарға айырбастауға болады. Тиындар эко-хабта пластиктен өзіміз өндіреміз. Біз қазір кинотеатрлармен және аяқ киім жөндейтін шеберханалармен сөйлесіп жатырмыз. Олар да болашақта осы акцияға қосылуы мүмкін», - деді ол.
Еске салайық, Алматыда мамыр айында алғашқы эко-хаб ашылған болатын.

Сондай-ақ Алматыдағы «Горельник» термалды бұлағының тазалығына кім жауапты екенін жазғанбыз.
