Алматыда электромобиль қуаттайтын 311 станция орнатылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнатуға 311 жер телімі бөлінді.

Алматыда электромобиль қуаттайтын 311станция орнатылады
Фото: Алматы әкімдігі

Әрбір учаскеде конкурстық іріктеуден өткен отандық инвесторлар екі орынға есептелген қуаты 60 кВт-тан басталатын бір ЭЗС орналастырады. Барлық станция пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді қуаттауға арналған 622 жаңа станция пайда болады.

– Зарядтау станциялары қала тұрғындарының жаппай тартылатын жерлерінде-базар, саябақ, дәмхана және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында орнатылады. Барлық станция осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазір жеке аумақтарда 300-ден астам ЭЗС жұмыс істеп тұр. Жаңа нысандарды ескере отырып, қала бойынша зарядтау станцияларының жалпы саны 600-ден асады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда электромобиль қуаттайтын 311станция орнатылады
Фото: Алматы әкімдігі

Бір учаскеге инвестордың ең төменгі салымы – 10 млн теңге. Бұл ретте халық үшін аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 кВт үшін шекті құны ҚҚС есебімен 100 теңгеден аспайды. Учаскелер ұзартуға басым құқығы бар инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді. 

Жоба Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ мегаполистегі электр көліктерінің өсіп келе жатқан санын ескере отырып іске асырылып жатыр.

Алматыда электромобиль қуаттайтын 311станция орнатылады
Фото: Алматы әкімдігі

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өсті.

Бұған дейін Қазақстанда электр қозғалтқыштары бар 12 120 автокөлік тіркелгені туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар