Алматыда Еңбек орталығына 69 мың жұмыссыз жүгінген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға дейін төмендеді.

жұмыссыз
Фото: pixabay.com

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов 2024 жылғы жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуынша, өткен жылы 286 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 54%-ы «E-gov» порталы арқылы ұсынылды. Әлеуметтік міндеттемелерді орындауға 5 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы қаржыландыру 30%-ға, 7,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

— Халықты жұмыспен қамтуға келетін болсақ, 2024 жылы 84,7 мың жұмыс орны құрылды. Былтыр Еңбек ұтқырлығы орталығына жұмыс іздеп жүрген 69 мың тұрғын жүгінді, оның 50 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында жыл ішінде 56 мың адам қатысты, бұл ретте 25,6 мыңнан астам адам тұрақты немесе субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, — деді Бауыржан Жаубасов.

Жалпы Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға дейін төмендеді.

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтитын мекеме басшылары пара алды деген күдікке ілінгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар