Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. 

Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады
Фото: Алматы әкімдігі

5 қыркүйек Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді.

Көрермендердің қауіпсіздігі үшін концерттен кейін 50 тегін шаттл қызмет көрсетіледі. Олар стадионнан Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі бойымен жүреді.

Шаттлдар келесі бағыттарға барады:

* Әуежай;
* Орбита шағын ауданы;
* Алматы-1 теміржол вокзалы;
* Райымбек-Алатау;
* Алматы Арена.

Қосымша бағыттардың ашылуы көрермендерге іс-шара аяқталғаннан кейін қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына жылдам жетуге мүмкіндік береді.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына Орталық стадионға баратын және қайтатын бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.

Еске сала кетейік, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Концерт сағат 20:00-де басталады деп жоспарланған. 

Энрике Иглесиастың Астанадағы концерті қалай өткені туралы жазған едік