Алматыда ер адам қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сотталушы қарауыл жасағы қызметтік көлігінен қашып кетті.

полиция көлігі
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір ер адамды жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

– Қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кеткен, бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды,– деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ заңбұзушылыққа жол бергендер қатаң жауапқа тартылатын болады.

Еске салайық, бұған дейін Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қыз зорлады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткенін жазғанбыз.

Кейін күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.

 

Соңғы жаңалықтар