Алматыда ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуыл жасады

Ұрып-соқты
Фото: Видеодан алынған кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Блогер Сырым Иткулов өзінің әлеуметтік желідегі арнасында ер кісінің ресепшн алдында қызметкер қызды аяусыз ұрғаны көрсетілген бейнежазбаны жариялады.

Оның жазуынша, Алматыдағы спа-салонға Ресей азаматы келіп, өзіне сыра сатуды сұраған. Салон қызметкерінің теріс жауабына қанағаттанбаған ол қызды бірнеше рет ұрып, шашынан тартқан.

Ал бейнежазба қауіпсіздік камераларына түсіп қалған.

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар