Алматыда ер адамның әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалып, полиция іс қозғады

полиция
Фото: Polisia.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде әйелді жұдырықтаған ер адамның видеосы тарады.

Бейнежазбадан ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде әйелді теуіп, артынша бетінен ұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылар түрлі пікір жазып қалдырып жатыр.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Бейнежазбадағы адамдардың кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде жауапқа тартылады», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адамның қамауға алғаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар