Алматыда ережелерді бұзған балабақшаларға 165 млн теңгеге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Осы жылдың сәуір — қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талаптары негізінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары мектепке дейінгі білім беру объектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

детский сад, дети, балабақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оның нәтижесінде барлығы 947 балабақша бақылауға алынып, 733 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 674 бұзушылықтар анықталды.

— Тексеру барысында негізінен нашар санитариялық-техникалық жай-күй, профилактикалық шаралар қарастырылмауы, желдету жүйелерінің ақаулығы, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналының болмауы немесе уақтылы жүргізілмеуі сынды санитариялық ережелер талаптарының бұзушылықтары анықталды, — деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысыны орынбасары Гаухар Каткенова.

Анықталған бұзушылықтар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425 — бабының 1 — бөлігімен жалпы айыппұл сомасы 165 752 340 теңге болатын 389 хаттама толтырылып, бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілген. Сондай-ақ қалған 285 нысанға прокуратура тарапынан әкімшілік шаралар қабылданған.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс балабақшаларды лицензиялау туралы заңды қабылдағаны туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар