Алматыда Esentai City тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ірі көлемде қарыз болуы себепті Esentai City тұрғын үй кешеніне жарық беру тоқтатылды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Esentai City тұрғын үй кешені «Алматы ЭнергоСбыт» ЖШС мекемесіне ірі көлемде қарызданған.

«Аталған мекеменің өтініші бойынша электр қуатын өшіру жұмысы жүргізілді. Аталған түрғын үй кешенінің желілері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ теңгерімінде емес. Толық ақпарат алу үшін «Алматы ЭнергоСбыт» ЖШС хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматының Алмалы ауданына қарасты Бөгенбай батыр – Жамбыл – Амангелді – Желтоқсан көшелері сондай-ақ, Гоголь – Амангелді – Абай – Байтұрсынов көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар