Алматыда ескі көпқабатты үйлер жаңартылып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Түрксіб ауданында ескі үйлер — аудандағы ең өзекті мәселенің бірі. Мұнда барлық көпқабатты үйлердің жартысы тозған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.
Шаһар басшысының сөзінше, Түрксіб ауданындағы 1247 ескі тұрғын үйдің 586-на жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Былтыр 5 көппәтерлі үй қолданысқа берілді.
Оған жақын маңдағы тозығы жеткен үйлердің 121 тұрғыны қоныс аударды.
«Биылғы жылдың екінші тоқсанында тағы 13 үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ „Алтай-2“ шағын ауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді қайта жаңартуды жоспарлап отыр», — деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда 43 пәтерлі 6 үй сатып алынып, екі тоғыз қабатты үйдің құрылысы басталғанын атап өтті.