Алматыда есірткі саудасымен айналысқан үш ағайынды ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда есірткі саудасымен айналысқан топтың жолы кесілді.

в
Фото: Видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында бір-біріне туыс болып келетін үш азамат ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша олар топ құрып, заңсыз схемада әркім өз қызметін атқарған.

Күдіктілерді жеке тінту, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері мен қылмыс жасаған орындарын тексеру кезінде заңсыз айналымнан синтетикалық тектес заттар салынған түйіншектер мен өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді.

- Есірткіні өлшеп-орауға және сатуға дайындауға арналған электронды таразылар, қаптама материалдары мен өзге де заттар табылды. Тәркіленген заттардың жалпы көлемі аса ірі партияға жатады. Қазіргі уақытта олар сот сараптамасына жіберілді, - деп хабарлады департаменттен.

Одан бөлек тәртіп сақшылары қала аумағында есірткі тарату үшін алдын ала дайындалған жасырын орындарды анықтаған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленді.