Алматыда есірткі жарнамалайтын 5 мыңнан астам граффити жойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында полицияның, әкімдіктің, студенттер мен еріктілердің қатысуымен ғимараттардың, қоршаулардың және қалалық нысандардың қасбеттерінен бес мыңнан астам есірткі граффити жойылды. Науқанға курсанттар мен Алматыны қауіпсіз әрі таза етуге ұмтылған қарапайым тұрғындар да қатысты.

Алматыда есірткі жарнамалайтын 5 мыңнан астам граффити жойылды
Фото: freepik.com

– Есірткі граффитиін қолдану 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмысы екенін еске салған жөн. Азаматтар мұндай жағдайлар туралы «102» нөмірі бойынша хабарлауы тиіс. Соңғы айларда есірткіні жарнамалаудың 191 фактісі тіркелді және 3 мыңнан астам сайт жабылды. Тыйым салынған заттарды насихаттауға белсенді қатысқан 1 500 Telegram арна жойылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар