Алматыда есірткі жарнамасын көшеге бейнелеген 2 үндістандық ұсталды

күрес
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара барысында 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстады. Олар Прокофьев көшесіндегі үйлердің ауласында есірткі бетбелгісін қойып жатқан.

«Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктілерден тәркіленген түйіншектердің ішінде мефедрон есірткі заты болған. Олар қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта Алматыға шөпті жеткізу арнасы және оны өндірудің ықтимал жолдары анықталуда. Ұсталғандар қамауға алынды. Есірткі сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Айта кетейік, Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жыл басынан 300 келіге жуық есірткі тәркіленгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар