Алматыда есірткімен күрес басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды.

Алматыда есірткімен күрес басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қаладағы есірткі зертханаларының бірінде синтетикалық есірткі өндіруге көмектесті деген күдікке ілінген. 

Алматы полиция департаменті аталған қызметкердің осы жылдың қазан айында ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылғанын хабарлады. Ол қызметінен кезектен тыс аттестаттаудан өте алмағандықтан кетті. Яғни, лауазымына сәйкес емес деп танылды.

– Ішкі істер органдарындағы жұмыс әрбір қызметкерден жоғары кәсібилікті және жеке адалдықты талап етеді. Ішкі істер министрлігі қызметтің ашықтығы мен жоғары стандарттарын қамтамасыз ете отырып, өз қатарын жауапсыз қызметкерлерден жүйелі түрде тазартады,– деп түсіндірді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар