Алматыда есірткімен ұсталған жас жігіт 10 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.

сотталды
Фото: Алина Тулеубаева/"ҚазАқпарат" ХАА

Осы жылдың сәуір айында Медеу ауданында орналасқан түнгі клубтардың бірінде жас жігіт есірткімен ұсталған болатын.

«Түнгі сағат екіде клубта 19 жастағы азамат Т. Ұсталды. Оның шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш орама табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон есірткісі екені анықталды. Кейін тергеу материалдары сотқа жолданды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Полиция өкілінің айтуынша, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы тұрғын ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.