Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 1-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.

Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы қатысады. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы және Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы шақырылды.

Отырыстың күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі және тағы басқа мәселелер қамтылған.

Ертең ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері жыл сайынғы «Digital Almaty» форумының пленарлық отырысына қатысады. 

Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер өз ойларын ортаға салады.

Соңғы жаңалықтар