Алматыда газ құбырын ауыстыруға байланысты Әл-Фараби даңғылында қозғалыс шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда стратегиялық маңызы бар газ құбыры жаңғыртылады.

Алматы транспорт дороги автомобили движение Алматы көлік жол қозғалыс
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«QazaqQaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, маусым айында Медеу және Бостандық аудандарында орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба 17 мың пәтер мен 288 жеке тұрғын үйді газбен қамту сенімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты Әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

- Жаңғырту жұмыстары Луганский көшесінен Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы бойымен Қаратаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1154 метр учаскені қамтиды. Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануға кеңес беріледі, - деп хабарлады «QazaqQaz Aimaq» АҚ Алматы филиалы.

Әр учаскедегі шектеулер 13, 20, 34 күн аралығында болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында газ құбыры жаңғыртылды.