Алматыда грек-рим күресінің палуаны күш қолданғаны үшін айыпталып жатыр

Алматыда сауда орталықтарының бірінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаев бір жігітті ұрып құлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда грек-рим күресінің палуаны күш қолданғаны үшін айыпталып жатыр
Фото: из открытых источников

Желіде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаев жігітті ұрып құлатқаны туралы ақпарат шықты.

Видеодағы жазбада грек-рим күресінен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаев сауда орталығындағы балалар ойын-сауық алаңында бес баланың әкесін ұрып құлатқаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Бостандық аудандық полиция басқармасына 1986 жылы туған М.есімді азамат 1987 жылғы К.есімді азаматқа қатысты арызданған.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 73-1 бабы 1 бөлігімен тіркелді.
М.есімді азаматтың алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеудің қорытындысын алған соң материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласындағы МАӘС-на жіберілетін болады", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.