Алматыда халықаралық алма күні аталып өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM- 21 қазан - Халықаралық алма күні. Осыған орай Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі алма фестивалі өтті.

Алма Мұқанова
Фото: Алма Мұқанова

Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды.

«Бүгінгі күннің ерекшелігі барлық тағам алма жемісінен дайындалды. Бәрі табиғи өнім, ешқандай қоспасыз әзірледік. Мұнда алманың әр сортын қолдандық. Шырын да табиғи. Келушілерге бәрі тегін.12 аспаздың қолынан шыққан дәм», - дейді аспазшы Толқын Ражан.

Алма Мұқанова
Фото: Алма Мұқанова

 

Шипажай директорының айтуынша, алма мерекесін өткізудің мақсаты- демалушылар мен келушілерге көтерінкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ жеміс тарихын насихаттау.

«Халықаралық алма күніне орай біздің аспаз қыз-жігіттер арнайы рецепт бойынша жаңа піскен алмадан 1000 порция кондитерлік өнім дайындады. Мерекенің ерекше безендірілуі алма мұражайының инсталляциясы, іс-шараның әр бұрышы алманың бай тарихы мен аймақ мәдениеті туралы баяндап тұр. Бұл мереке биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұны дәстүрге айналдырмақпыз», — дейді шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева.

Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекенің көркін қыздырды.

Алма Мұқанова
Фото: Алма Мұқанова
Алма Мұқанова
Фото: Алма Мұқанова
Алма Мұқанова
Фото: Алма Мұқанова

 

Соңғы жаңалықтар