Алматыда Халықаралық алма және Дүниежүзілік аспаздар күні тойланды
Халықаралық алма күніне және Дүниежүзілік аспаздар күніне орай, Алатаудың етегіндегі ҚР ПІБ «Almaty resort» шипажайында қос мереке қатар аталып өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Мерекелік шарада сөз алған «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ президенті Яков Стерлигов:
«Жыл сайын осы күні бүкіл әлем аспаздары өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды. Аспаз кәсібі әлемдегі ең ежелгі әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Адамның саулығы тек емшараға ғана байланысты емес, дұрыс тамақтану бірінші кезекте тұрады. Ендеше, адамға қуат пен нәр сыйлайтын осынау кәсіп иелерін атаулы мерекемен құттықтаймын! Филиалдың аспаздар қауымы, Сіздердің еңбектеріңіз орасан», - деп атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Алма той» мерекелік іс-шарасы аясында ән-күй шырқалып, қонақтарға жемістен жасалған әртүрлі тағамдар ұсынылды. Шипажай аспаздары жеміс қосылған әртүрлі дәм әзірлеуден шеберліктерін паш етіп, өзара сайысқа түсті. Оған Алматы технологиялық университетінің студенттері де атсалысты. Жергілікті шеберлер келіп, қолөнер бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды.

Қонақтар түрлі тақырыптағы көрмені тамашалады, әсем ән тыңдап, би биледі.