Алматыда халықаралық Digital форумы басталды

форум
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өз жұмысын бастады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің, айтуынша,өнеркәсіпті цифрландыру – бүгінгі күннің жаңа талабы және экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде машина жасау, тұрмыстық техника және тау-кен өнеркәсібінде қолданылады. 

форум
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Мемлекет басшысы алдымызға 2026 жылға қарай ІТ-экспорт көлемін 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды және Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыру міндетін қойды. Біздің барлық бастамаларымыз, соның ішінде Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламалар, Silkroad Innovation хабын іске қосуға қолдау көрсету, Digital Bridge және Digital Almaty IT форумдарын өткізу – осы мақсатқа жету құралдары», - деді министр.

Сонымен қатар, ол форумда ұсынылған идеялар нақты шешімін табатынын жеткізді. 

форум
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Digital Almaty» – бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT-қоғамдастық кездесетін бірегей алаң. Форумда ұсынылған идеялар нақты шешімін табады. Оған жарқын мысал: 2023 жылы Кремний алқабында Silkroad Innovation Hub құрылуы. Бүгінде хаб жаңа стартап жобалардың тартылыс нүктесіне айналды әрі өңірімізде цифрлық шешімдерді қолдану аймағын кеңейтуде күш-жігерін біріктірді. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көрсетуге және инвесторлар табуға мүмкіндік алады», - деді Бағдат Мусин.

Биыл «Digital Almaty» VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ. 

форум
Фото: Александр Павский/Kazinform

Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар