Алматыда ит иесін пышақ ала жүгірген адамнан қорғап, өзі өлді

полиция
Фото: polisia.kz

Алматыда ит пышақпен шабуылдаған ер адамнан иесін құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз біреу итімен серуендеп жүрген ер адамға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды. https://www.instagram.com/p/C1mkKGeiieJ/?igsh=MWl6dW1nZ3dhdG5ocw%3D%3D&img_index=3

Алматы қалалық Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын мәлімдеді.

Күдікті - 1987 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды.

«Күдікті иттің иесі екеуінің арасында туындаған жанжалдан соң, үй жануарын өзіне қарсы жібергенін және өзін қорғауға мәжбүр болғанын айтты. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар