Алматыда «Jas Gala» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала жастары арасында «Jas Gala» жастар фестивалі өтті. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі “Алатау” театрында ұйымдастырылды.
Бір айға созылған фестивальде қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойынша бақ сынаған. Жалпы жобаға 2,5 мыңнан астам студент қатысты.

- «Jas Gala» фестивалі Алматы қаласында үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған қаладағы барлық ЖОО-лар мен колледждердің студенттері қатысты. Нақты айтқанда, 30 ЖОО және 23 колледжден 529 өтінім келіп түсті. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрады. Фестивальге қатысу үшін алдымен университет және колледж ішінде іріктеу болды. Оның жеңімпаздары қалалық жарысқа қатысты”, - деді Алматы студенттер алянсының басшысы Жасұлан Қуандық.

