Алматыда кафенің жазғы алаңы опырылып түсті

топырақ
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде кафенің жазғы алаңының траншеяға опырылып түскен видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға түсінік берді. 

«Бұл видео ескі, яғни оқиға 16 қыркүйек күні болған. Бұл жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында релиз жарияланған болатын» — деп түсіндірді әкімдіктен. 

Еске салайық, Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Есқараев көшесінде жылу трассасын қайта жаңарту кезінде траншеяға топырақ опырылып түскен еді. 

Салдарынан жергілікті кафенің жазғы алаңына ішінара зиян келді.

Бұл мердігер ұйымның технологиялық нормаларды сақтамауы салдарынан болды.

«Құлаған жер қабаты жақын маңдағы үйлерге электр қуатын беретін кабельдерді зақымдады. Жарық сол күні қалпына келтірілді. Оқиғаның салдарын жою барысы бақылауда. Төтенше жағдайдың туындауына жол берген мердігерге қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады. Жаңа құбыр тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен қамтуға әсер етпейді», — деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар