Алматыда кәмелетке толмаған екі баланы көлік қағып кетті

авария авто
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған балаларды көлік қағып кетті.

Балалардың қатысуымен болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіге шықты. Онда оқиға «Әйгерім» шағын ауданында болғаны жазылған. Сондай-ақ, жол апаты болған жерде көше жарығының нашар болғаны жазылған

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш жол апаты 22 ақпанда болғанын хабарлады.

«Оқиға Алатау ауданы «Әйгерім» шағын ауданында болды. Көліктің астына кәмелетке толмаған екі бала түсті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аталмыш жол апатын өндіріске қабылдады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар