Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы тауларында қар көшкіні жүрді.

Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Фото: ТЖМ

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, 112 пультіне «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының диспетчерінен Комсомол шыңы маңында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Нақтыланған ақпарат бойынша, 3 адам «Шымбұлақ» курортынан 1 км қашықтықта тыйым салынған жерде сырғанаған.

— Шаңғымен сырғанау кезінде үш адам көлбеуді кесіп, қар көшкіні жүруіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Екеуі өз бетінше шыға алды, үшінші адамның жансыз мәйітін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты, — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін Шымбұлақта қар көшкіні болғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ қар көшкініне себепкер болған шаңғышылардың жазаға тартылуы туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар