Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

22-23 қаңтарда Алматы қаласында жауған қардың қалыңдығы 18 см-ге жетті.

Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Қар күреу жұмыстары қала көшелерінде тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған жүздеген техника мен 1280 жұмысшы тартылды.

Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Түнгі уақытта қарды шығару үшін 161 жүк көлігі жұмылдырылды. 24 мың текше метр қар шығарылды. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жолдарды тазарту мақсатында 442 арнайы техника жолдарды тазалауға кірісті.

Сонымен қатар, тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау жұмыстары қолға алынды.

Бүгін күндізгі уақытта 448 техника мен 1192 жұмысшы шығады.

Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» РМК болжамынша 24 қаңтарда күн алабұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндізгі ауа температурасы -10…-12°С шамасында болады.

Осыған дейін еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар