Алматыда қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

Қалада жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарларды жинауға мамандандырылған техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі. Жолға көктайғаққа қарсы реагенттер себіліп, аялдама, қоғамдық пайдалану орындары мен аула аумақтары қардан тазартылады. 

Мәселен, түнгі уақытта Алматының Әуезов ауданында тазалау жұмыстары жүргізілді.