Алматыда қар жауады: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтті
АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматылықтарға қар жауатыны туралы ескертілді.
«Қазгидрометтің болжауынша, жауын-шашын 8 қарашаға дейін үзіліспен жауады.Түнгі уақытта ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендеп, 6-7 қараша аралығында қар жауады.
Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын.Бұл жұмысқа 490 техника мен 1120 жұмысшысы жұмылдырылды.

«Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып,көлік арақашықтығын сақтап,шұғыл бұрылмауы керек,өйткені апат қаупі жоғарылайды.Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет», – делінген хабарламада.



