Алматыда кардиохирургтар Мысыр азаматының өмірін сақтап қалды

Дәрігерлер
Фото: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қалалық кардиохирургиялық орталығында жіті коронарлық синдроммен және коронарлық артериялардың сыни зақымдануымен түскен мысырлықтың өмірін құтқару бойынша күрделі ота сәтті өтті.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында науқасқа уақытылы көмек көрсетілген. Мысыр азаматы клиникаға кеуде қуысының қатты ауыруы және ентігу шағымдарымен түсті.

Шұғыл диагностикалық шаралардан кейін үш коронарлық артерияның сыни зақымдануы анықталған. Бұл өлімге әкелуі мүмкін болғандықтан, науқасқа дереу хирургиялық ота жасалған. Отаны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Мүсірепов жасады.

- Науқас жүрек-өкпе функциясын уақытша ауыстыруға мүмкіндік беретін жасанды қан айналымын жүргізетін аппаратына қосылды. Бұл жүрекке қажетті барлық манипуляцияны орындаудың максималды дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір науқас физикалық жағдайды қалпына келтіру бойынша кешенді шараларды, арнайы диетаны және дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтитын оңалтудан сәтті өтіп жатыр. Ота МӘМС шеңберінде жүргізілді, себебі пациент Қазақстанда тұрады, тұруға ықтиярхаты бар және медициналық сақтандыру бойынша төлемді үнемі жүргізеді, - деп хабарлайды басқараманың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар