Алматыда «Қарғалы» су сүзгілеу станциясы 1 маусымда іске қосылады

станция питьевой воды
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаев аудан тұрғындарымен кездесуінде «Қарғалы» су сүзгілеу станциясы жаздың алғашқы күні іске қосылатынын хабарлады.

Аудан әкімінің айтуынша, «Қарғалы» су сүзгілеу станциясының құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталған. Қазір станция аумағында абаттандыру және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- «Қарғалы» станциясының құрылысы 2020 жылдың наурыз айында басталды. Өткен жылдың желтоқсан айында негізі құрылыс жұмыстары бітті. Құрылыс-монтаж жұмыстарына бөлінген 6,8 млрд теңгенің 5,9 млрд теңгесі игерілді. Осы жылдың сәуір айында «Спецкоммунстрой» ЖШС-мен құны 641 млн теңге болатын іске қосу-жөндеу жұмыстарына келісім жасалды. Биыл мамыр айының соңына дейін абаттандыру жұмыстарын аяқтап, 1 маусым күні станцияны іске қосу жоспарланған, – деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаев.

Айта кетейік, «Қарғалы» су сүзгілеу станциясының іске қосылуы Наурызбай ауданының құрамындағы Қарағайлы, Қарғалы, Таусамалы және Құрамыс ықшам аудандарында тұратын 50 мың тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар