Алматыда қарт кісіні соққыға жыққан жас жігіт ұсталды

Қарт кісіні ұрған
Фото: Видеодан алынған кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының орталығында қарт адамды жұдырықтың астына алған ер адамның кім екені анықталды.

Әлеуметтік желіде оның видеосы пайда болды. Бұл жағдай бүгін қаланың орталығында орналасқан «Столичный Центр» тұрғын үй кешенін маңында болған. 

Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Құқық бұзушы ұсталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Ер адамның алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда көлігімен күзетшіні бірнеше рет басып өлтірген ер адам туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар
telegram