Алматыда кәсіпкерлерге 2 және 6 пайызбен несие беріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Мегаполисте «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша несие беріліп жатыр.

«Алматы» микроқаржы ұйымы ұсынған бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілер жылдық 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несие ала алады.
Осы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бизнеске 572 млн теңге сомасында қарыз берілген. Несиелердің үштен бірінен астамы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларға тиесілі болды. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бастамалар (21%), туризм және білім беру салаларындағы жобалар (14%) қаржыландырылды.
«Алматы» микроқаржы ұйымы бір кәсіпкерге ұсынатын ең жоғары қарыз сомасы - 78 640 000 теңге. Қарыз мерзімі - 7 жылға дейін. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты — Алматы қаласының аумағында бизнесті тіркеп, жүргізу қажет. Сондай-ақ өндіріс және қайта өңдеуге қатысты, әлеуметтік салалардағы, импорт алмастыруға, экспортқа, креативті индустрияларға бағытталған бастамаларға басымдылық беріледі.
Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы туралы толығырақ веб-сайт арқылы білуге болады: https://mfoalmaty.kz
Еске салайық, Үкімет жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімін қатаңдатпақ.