Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мерекеге орай мегаполисте тұрғындар мен қонақтарға арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар жоспарланған.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, басты іс-шара — 1 мамыр күні сағат 11:00–де Абай алаңында өтетін «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі болмақ. Фестиваль аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Оның ішінде: Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Rumi & Yanis, «Алатау серілері», «КешYOU», «Baraban’Da show», «Дервиши», «IL Canto», «Komuz beats» топтары, «Бозторғай» фестивалінің солистері, сондай-ақ «Салтанат», «Бахар», «Рухсара», «Нам Сон», «Бастау», «Наири» би ансамбльдері бар.
Сағат 18:00–ден 21:00–ге дейін Абай алаңында мерекелік бағдарлама «DostykFest» концертімен жалғасады. Оған Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Әсет Арыстанбек, Мәди Рымбаев, Бағдат Сейіт, Hulan-Aru, Досекеш, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина, сондай-ақ «Alpha», «КешYOU», «Astra», «Aya funk» топтары қатысады.
Сонымен қатар 1 мамыр күні Абай алаңында мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтеді.
2 мамыр күні осы алаңда «Отбасы банкпен» бірлесіп ұйымдастырылатын «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі өтеді.
Іс-шара екі бөлімнен тұрады:
— 10:00-18:00 — жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі;
19:00-21:00 — эстрада жұлдыздары қатысатын концерт.
Мереке аясында қаладағы музейлерде, кітапханаларда, театрларда, жастар орталықтарында түрлі тақырыптық көрмелер, әдеби-сазды кештер, концерттер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

30 сәуір
10:00. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі — «Музыка арқылы танысайық» атты интерактивті квест ойыны.
11:00. № 39 балалар кітапханасы — «Халық бірлігі — болашақ кепілі» атты кітап көрмесі.
11:00. С. Бегалин атындағы орталық балалар кітапханасы — «Қазақстан — достық мекені» танымдық ойын-сауық бағдарламасы.
11:30. Алматы музейі ұйымдастыратын Ш. Уәлиханов атындағы № 12 гимназиясында өтетін — «Бірлік пен татулық — мәңгілік құндылық» атты сабақ.
12:00. Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапхана — «Ұлттар достығы» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу.
12:00. Әуезов ауданының комьюнити орталығы («Мамыр» — 1 ш\а., 26/1) — «Бірлік» жәрмеңкесі: әр ұлттың дәстүрлі тағамдары ұсынылады.
15:00. Д. А.Қонаев музейі — «Көпұлтты ел — біртұтас халық» атты дәріс.
15:00. А.Байтұрсынұлы музей-үйі — «Ел бірлігі — ынтымақта» атты дөңгелек үстел.
1 мамыр
10:00. Алмалы кітапханасы — «Береке басы — бірлік» мерекелік кеші.
11:00. Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы — «Бір шаңырақ астында — ортақ мақсат, ортақ мүдде» атты музейлік сабақ.
11:00. Alatau Creative Hub — «Бір шаңырақ астында — бейбіт ел» атты кітап көрмесі.
12:00. Н.Тілендиев мемориалдық музейі — «Бірлік әуені — ел жүрегі» атты концерт.
14:30. Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры — Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен әндері қамтылған қуыршақ кейіпкерлері қатысатын «Қуыршақ Думан» мерекелік қайырымдылық спектаклі.
19:00. DJ-көлік бастап жүретін түнгі неон жүгіру;
4 мамыр
11:00. М.Әуезов атындағы кітапхана — «Қазақстан — Отаным, мәңгі достық дастаны» атты әдеби-сазды кеші.
Одар бөлек мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданын қамтиды.

Алатау ауданы:
1 мамыр. Оқушылар инновациялық шығармашылық орталығы — мерекелік концерттік бағдарлама.
Алмалы ауданы:
1 мамыр сағат 11:00. Сайран көлінің шығыс жағалауы — қолөнершілер көрмелерін және ересектер мен балаларға арналған аймақтар, сонымен қатар эстрада жұлдыздары өнер көрсететін мерекелік концерт.
Әуезов ауданы:
1 мамыр сағат 11:00. Family Park саябағы және Сарыарқа алаңы — мерекелік концерттік бағдарлама.
Бостандық ауданы:
1 мамыр сағат 11:00. Тұңғыш Президент саябағы — концерт пен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі.
Жетісу ауданы:
1 мамыр күні сағат 10:00–де «Айнабұлақ» шағын ауданы Мұқатай көшесінде ұлттық киімдер шеруі болады.
Медеу ауданы:
30 сәуір сағат 10:00. 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы — «Бірлік бар жерде тірлік бар» атты мерекелік бағдарлама.
1 мамыр сағат 14:00. Абай алаңы — «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты шығармашылық ұжымдар қатысатын аудандық мерекелік концерт.
Наурызбай ауданы:
30 сәуір сағат 16:00. Амфитеатр («Шұғыла» ш/а., 347) — эстрада жұлдыздары қатысатын мерекелік концерт.
1 мамыр сағат 19:00. Амфитеатр- «Болған оқиға» көркем фильмінің ашық аспан астындағы көрсетілімі.
Түрксіб ауданы:
1 мамыр сағат 11:00. С. Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік концерт, этномәдени бірлестіктердің көрмесі, аудан мектептерінің оқушылары арасында 3×3 форматында баскетболдан жарыс және мерекелік сауда ұйымдастырылады.
Еске салайық, Алматыда мерекеге байланысты кей автобустардың қозғалыс сызбасы өзгеретінін жазғанбыз.