Алматыда Қажымұқан көшесі 4 күнге жабылады

Алматыда Қажымұқан көшесі 4 күнге жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Медеу ауданында Қажымұқан көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. 

«Алматы жылу жүйесі» мекемесі атап өткендей, 2023 жылы жоғарыда аталған учаскеде жаңғырту жұмыстарын жүргізген «АСКАДИ» ЖШС мердігерінің кепілдік міндеттемесі шеңберінде асфальт-бетон жабынында анықталған ақауларды жою мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл жұмыс мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. 

«Қажымұқан көшесінің бойымен Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін 27 маусым сағат 09:00-ден 1 шілде таңғы 08:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі. Жол екі бағытта да жабылады», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» мекемесі. 

Еске салайық, мердігер «АСКАДИ» ЖШС 2023 жылы 25 жылдан астам жыл қызмет етуімен өзінің нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген, ұзындығы 617 метр құбырды ауыстырған еді. 

Құбыр 86 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарын, 6 мектеп, 4 балабақша, 14 денсаулық сақтау объектісін және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар