Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ.KAZINFORM — Алматы полициясы әлеуметтік желілерде тараған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қаза табуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қараша күні кешке студенттер қалашығының аумағында болған. Қаза тапқан қыз бірінші курста оқыған. Өлім себебі әзірге анықталған жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында сарбаз әскери бөлімінің төртінші қабатынан құлап кеткен еді.